• Главная
  • Полиция автопаркі 30 қызметтік автокөлікпен толықты
СҚО ПД
15:16, 13 октября 2021 г.
Надежный источник

Полиция автопаркі 30 қызметтік автокөлікпен толықты

СҚО ПД
Полиция автопаркі 30 қызметтік автокөлікпен толықты

Солтүстікқазақстандық полиция автопаркі 30 қызметтік автокөлікпен толықты. «Hyundai Elantra» маркалы седан автокөліктерінің кілтін тәртіп сақшыларына облыс әкімі табыстады деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жеке құрам алдында сөз сөйлеп, полицейлердің жұмысына оң баға берді. СҚО-да соңғы жылдары тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар санының төмендегені байқалады. Мәселен, 2017 жылдың 9 айында облыста 5617 құқық бұзушылық тіркелсе, 2021 жылдың 9 айында олардың саны – 3722. 33,7%-ға төмендеген. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2021 жылы жасалған құқық бұзушылықтар саны 4% төмендеген.

Жаңа автокөліктердің басым бөлігі патрульдік полиция батальонын толықтырады. Кез келген уақытта жол-көлік оқиғалары орнына және басқа да шақыртуларға алғашқылардың бірі болып келетіндер дәл осы патрульдік полицейлер. Жыл басынан Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен 116 қылмыс ашылды, 441 қылмысты ашуға қатысты, сондай-ақ, олардың қатысуымен 19114 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала сыртындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 1347 км жолға қызмет көрсетеді. Жыл басынан СҚО ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері елді мекендерден алыс трассаларда көліктері істен шыққан жүргізушілер мен жолаушыларға 50-ден астам көмек көрсетті.

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицияның автопаркі 127 автокөлікпен толықты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #полицейлерге көлік табысталды

Комментарии

Объявления
live comments feed...