• Главная
  • Облыстың жаңа бас имамы тағайындалды
ТАҒАЙЫНДАУ
15:55, 15 октября 2021 г.
Надежный источник

Облыстың жаңа бас имамы тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ
Облыстың жаңа бас имамы тағайындалды

Облысқа жаңа бас имам тағайындалды. Енді бұл қызметті Хамзат Әділбеков атқарады. Ал бұған дейін 8 жылдан астам уақыт өңірде  бас имам қызметін атқарған Кенжетай қажы Байкемелұлы Бас мүфтидің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі. 

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа Бас имамды зиялы қауым және Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдеріне таныстырды.

Хамзат Қажымұратұлы 1984 жылы СҚО Айыртау ауданында дүниеге келген. 2001 – 2004 жж.Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» университетінде «Исламтанушы және имам хатиб» мамандығы бойынша оқыған.  2004 – 2008 жж Ливияның Триполи қаласында орналасқан «Исламға Шақыру» Университетін араб тілі және дінтанушы мамандығы бойынша бітірген. 2009-2011жж. Қазақстан Республикасының Ливидағы дипмиссиясында  кезекші комендент-аудармашы қызметін атқарды. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап СҚО Петропавл қаласындағы «Қызылжар» орталық мешітінде ұстаздық және мешіт сайтының администраторы қызметін атқарған. 2017 жылдың  қараша айында ҚМДБ «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы қызметіне тағайындалды. 2020 жылдың желтоқсан айынан елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы болып қызмет істеген. 

Облыста бүгінгі таңда 136 бірлестік жұмыс істейді. 164 ғибадатхана бар. Оның 36 мешіт. Облыс бойынша 4 мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар аймақ басшысы пандемия кезінде облыстық мешіт бірқатар әлеуметтік көмек көрсеткенін де атап өтті. Облыс әкімі осы уақытқа дейін өңіріміздің Бас имамы қызметінде болған Кенжетай Байкемелұлына атқарған жұмыстарына алғыс айтып, Құрмет грамотасын табыстады.

Тағы да оқыңыздар: Жасөспірім даладан граната тауып алды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #бас имам#тағайындау

Комментарии

Объявления
live comments feed...