• Главная
  • Халық санағына байланысты облыс әкімі үндеу жасады
ХАЛЫҚ САНАҒЫ
16:49, 19 октября 2021 г.
Надежный источник

Халық санағына байланысты облыс әкімі үндеу жасады

ХАЛЫҚ САНАҒЫ
Халық санағына байланысты облыс әкімі үндеу жасады

Ұлттық халық санағының аяқталуына 11 күн қалды. Мамандардың сөзінше санақ жүргізу барысында бұл жұмысқа жұмылдырылған 500 интервьюер кейбір қиындықтарға тап болуда. Мәселен, тұрғындар есіктерін ашпай, өздерінің жеке басына, отбасына, мүлкіне қатысты сауалдарға ақпарат беруден, онлайн санақтан өткені туралы хабарламаны көрсетуден бас тартады. Осы ретте өңір жетекшісі  Құмар Ақсақалов облыс тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі. 

Қазіргі таңда өңірдегі халық саны 540 мың тұрғынды құрап отыр. Соның 300мыңы санақтың дәстүрлі форматына қатысса, 173 мыңы онлайн өткен.

Халық санағы мемлекеттік басқаруда шешуші рөл атқарады. Бүгінде бұл әлемнің көптеген мемлекеттерінде елдің бірыңғай портретін жасаудың жалғыз құралы. Осы ретте Солтүстік Қазақстан облысында сауда үйлер, дүкендер, мемлекеттік мекемелер мен базарлардың аумағында санақтан өту үшін 88 аранйы орын ашылған.

-Санақ нәтижелері экономикалық болжауға, әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге, құрылыстың және басқа да салалардың даму векторын анықтауға қолданылады. Бір сөзбена йтқанда, мұның бәрі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жасалып отыр. Мен, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын халық санағына белсенді қатысуға шақырамын. Сіздің науқанға қатысуыңыз отбасыңыз бен балаларыңыздың болашағын айқындайды- деді өз үндеуінде облыс әкімі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #халық санағы #облыс әкімінің үндеуі
Последние новости
Объявления
Жарочный шкаф 3х6 Электрический. Пекарский шкаф Пекарский шкаф электрический 3х уровневый - предназначен для выпечки хлеба, тортов и других хлебобулочных изделий. Обладает следующими достоинствами: микропроцессорная система нагрева; система контроля конт
08:03, 27 сентября г.
Хлебопекарная печь Восход ХПЭ-500 используется в пекарнях, кондитерских, на предприятиях пищевой промышленности и общественного питания для выпечки широкого ассортимента хлебобулочных и кондитерских изделий, а также для приготовления (термообработки) мясн
08:01, 27 сентября г.