• Главная
  • Сүт безінің қатерлі ісігінен 9 ай ішінде 46 жерлесіміз көз жұмды
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
12:00, 23 октября 2021 г.
Надежный источник

Сүт безінің қатерлі ісігінен 9 ай ішінде 46 жерлесіміз көз жұмды

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Сүт безінің қатерлі ісігінен 9 ай ішінде 46 жерлесіміз көз жұмды

Сүт безінің қатерлі ісігі - онкологиялық дерттердің ішінде ең көп тараған түрі. Соңғы 9 айда өңірде  200-ден астам әйелдің осы ауруға шалдыққаны анықталды. 46 науқас аталмыш дерттен көз жұмды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Қатерлі ісіктің алдын алудың нақтышаралары жоқ.Дәрігерлердің айтуынша, дерт ерте анықталған жағдайда оны емдеуге болады.Ауруға шалдыққан әйелдердің 99 проценті ісігі бар екендігін өздері анықтайды екен. Алайда, олардың кейбірі ғана дәрігерлердің көмегіне бірден жүгінеді. Көбі ісік мазасын алып, ауыра бастағанда ғана келеді. Ауруды бастапқы  сатыда анықтауға скринигтің көмегі зор. Мамандардың айтуынша, жыл сайын скриниг арқылы 50-ге дейін науқас анықталады екен.

-Бұл толығымен емделетін ауру.  Ісік тарап үлгермеген жағдайда оны дәрілермен емдеуге болады.  Әсіресе 55 пен 70 жасқа дейінгі әйелдер арасында қауіп жоғары. Сондықтан  өзіңіз кеудеде ісік байқасаңыз бірден дәрігерге көрінуіңізді сұраймыз,- дейді  облыстық онкологиялық орталық директоры Олег Дудяк. 

Өңірде сүт безі қатерлі ісігі 2019 жылы 2049 адамда анықталса, биыл 2129 сырқатқа осы диагноз қойылды. Жалпы облыста онкологиялық аурулар бойынша 10 мыңнан астам адам есепте тұр.

Тағы да оқыңыздар: Петропавлдағы мәдениет үйінің төбесі опырылып түсті

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #денсаулық сақтау #онкология

Комментарии

Объявления
live comments feed...