• Главная
  • КВИ жұқтырған азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбау жайлы қолхат беруге міндеттеледі
ҚАУЛЫ
15:15, 21 октября 2021 г.
Надежный источник

КВИ жұқтырған азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбау жайлы қолхат беруге міндеттеледі

ҚАУЛЫ
КВИ жұқтырған азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбау жайлы қолхат беруге міндеттеледі

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, коронавирус жұқтырып, амбулаториялық жағдайда емделіп жатқан қазақстандықтар өз-өзін оқшаулау режимін бұзбау жайлы қолхат беруге міндеттеледі. Тиісті құжат ДСМ СЭБК ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Құжатта коронавируспен ауырып, үйде ем қабылдап жатқан науқастар, сондай-ақ, COVID-19 жұқтырған адаммен байланыста болып, үй карантинінде отырған азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимінің қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қолхат беруге міндеттелетіні айтылады. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 1844 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 923 060-қа жетіп отыр. Өткен тәулікте 1984 адам дерттен жазылып шыққан.

Облыста КВИ жұқтырғандар саны азаяр емес.Өткен тәулікте өңірде 151адамнан коронавирус анықталды. Ең жоғары көрсеткіш Петропавлда тіркелген. Облыс орталығында 39 адамвирус жұқтырған.Қызылжар ауданында 22, Жамбылауданында 14, Аққайын ауданында 13, Есіл ауданында 12, Мамлют мен Айыртау аудандарында 11, қалғандарында 10-нан төмен.

Індет басталғалы облыс бойынша осы күнге дейін27 120тұрғын вирус жұқтырды. Қазір жұқпалы аурулар ауруханасы48 пайызға жүктелген.Бұл жерде 771 адам ем алып жатыр, 51 науқастың жағдайы ауыр. Коронавирус басталғалы жалпы 266 жерлесіміз ауырып, қайтыс болды. Соңғы тәулікте 4 адам вирустан көз жұмды.Ал жазылып шыққандардың саны 24 102 адам. 

Тағы да оқыңыздар:ДДСҰ коронавирус пандемиясы тағы бір жылға созылуы мүмкін екенін хабарлады

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019#қаулы

Комментарии

Объявления
live comments feed...