
ТАЗА ӨНІМ
19:30, 1 ноября 2021 г.
Надежный источник
Еліміздегі базарлардан 3,8 тоннадан астам қауіпті өнім алынды
ТАЗА ӨНІМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (ҚР ДСМ СЭБК) 2021 жылдың 9 айында елімізде сатылатын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың қорытындысын шығарды. Оған сәйкес саудаға шығарылған ет, балық, сүт өнімдерінің техникалық регламенттерге сай еместігі анықталды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
- 9 айында мониторинг аясында 22175-тен астам тамақ өнімдерінің сынамалары зерттелді, олардың 2537-сі (11,4%) техникалық регламенттердің талаптарына сай емес. Таңбалау ережелерінің сақталмауы - 70,0%, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік 16,1%, таңбалауда мәлімделген өнімнің көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік (жалған өнімнің болуы) немесе тұтынушыны адастыратын көрсеткіштер бойынша – 14,0%-ын құрады, - деп хабарлады ведомстводан.
Комитетте атап өткендей, сәйкессіздіктердің ең көп саны ет өнімдерінде – 14,5%, құс етінде – 25,1%, балықта - 12,0%, май өнімдерінде – 4,3%, сүт өнімдерінде – 10,3%, кондитерлік өнімдерде – 9,9% анықталған.
Ведомствоның ақпараты бойынша, негізгі бұзушылықтар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден жеткізілетін өнімдерде- 55,4 %, басқа елдерден – 21,8% анықталды. Отандық өндірушілердің белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімі - 22% құрады.
Анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша 1246 ұйғарым берілді.6 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.3,8 тоннадан астам қауіпті өнім сатылымнан алынды.
Сонымен, техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органға өнімнің сәйкестігін растау құжаттарды берудің анық еместігін және бақылаусыздығын көрсететін фактілерді анықтау туралы 17 материал жіберілді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, құрамында ГМО бар тамақ өнімдерін (Оңтүстік Кореяның тез дайындалатын кеспесі) әкелуді және өткізуді шектеу бойынша уақытша санитарлық шаралар енгізілді.
Отандық өндірушілердің атына тиісті шаралар қабылдау үшін сәйкес келмейтін өнімді анықтау туралы 450 хабарлама жолданды. Ал, Еуразиялық экономикалық комиссияға және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына 30 хабарлама жіберілді.
Қазақстанда сатылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бойынша ҚР ДСМ СЭБК жұмысы жалғасуда.
Тағы да оқыңыздар: Қараша айында 25 градусқа дейін аяз болады
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Нигериец за «Таза Казакстан», рукоприкладство в школах и гендерное равенство
Обзор казахской прессы
15:00
Фермеры Жамбылского района порадовали горожан свежим дешевым мясом на ярмарке в Петропавловске
Жамбылский район
15:30
6 декабря
13:23
6 декабря
19:27
5 декабря
19:00
5 декабря
ТОП новости
От парков до скверов: Ботанический сад займётся уходом за зелёным фондом города Петропавловска
Озеленение
Кызылжарский район строит будущее: 25 млрд тенге инвестиций и новые рабочие места к 2026 году
Брифинг
Объявления
Комментарии