18+

Көшеден табылған баланың ата-анасына іздеу салынды

Осыдан екі күн бұрын облыс орталығының «Жұмысшы» кентінде қараусыз  жүрген 2 жасар бала табылды. Оны қала тұрғыны байқап, полицейлерге хабарласқан. Қазіргі кезде баланың ата-анасы іздестірілуде, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары бірден жетіп, балақайдың шынымен де қараусыз қалғанын анықтап, қалалық ювеналдық полиция қызметкерлеріне табыстаған. Қазіргі таңда бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына орналастырылды. Ата-анасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

-Егер де кішкентай сәбилер ата-ананың қалдыруынсыз одан кейін заңды тұлғаларынсыз қалдырылатын болса, ата-аналары әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-ші бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады- дейді Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция бөлімінің аға инспекторы Айгүл Кәрімова.

Тағы да оқыңыздар: Екі ауданның әкімі қызметінен босатылды