• Главная
  • Екі ауданның әкімі қызметінен босатылды
аудан әкімдері
15:06, 15 июня 2021 г.
Надежный источник

Екі ауданның әкімі қызметінен босатылды

аудан әкімдері
Екі ауданның әкімі қызметінен босатылды

Оңтүстіктен қоныс аударған отбасылар үшін салынған үйлердің құрлысының сапасыз жүргізілгені үшін Айыртау мен Есіл ауданы әкімдері қызметтерінен босатылды. Бұл туралы өз парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

-Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған.Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды. Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысуда. Аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылды,- деп жазды Берік Уәли.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тағы да оқыңыздар: Полицейлер күнде кем дегенде 4 мас жүргізушіні анықтайды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #аудан әкімдері қызметінен кетті #Айыртау #Есіл аудандары
ТОП новости
Международный агрохолдинг Tiryaki Agro построит в СКО крупнейший в Центральной Азии завод по производству растительных масел
Бизнес
Сабантуй без границ: Петропавловск готовится принять один из крупнейших культурных праздников года
Сабантуй
Контора пишет: пока двое судей СКО готовятся к этапу в колонию, другие расплачиваются репутационными потерями
Суд
В Петропавловске в новом ЭКО-парке QYZYLJAR созданы все условия для занятий спортом
Спорт
Объявления