18+

Облыста қағаз шығаратын фабрика ашылады

Петропавлда қағаз шығаратын фабрика салынып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында  айтты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

-Облыс орталығында қағаз шығаратын фабриканың құрылысы басталды. Жылына 5 мың тонна өнім шығарады. Ол қазір сырттан әкелінеді. Статистика бойынша, 2020 жылы біз 8,3 мың тонна қағаз өнімдерін импорттадық. Жаңа жоба импортқа тәуелділікті азайтуы керек, - деді әкім. 

Жалпы, кешенді жоспар аясында облыста өнеркәсіп саласындағы 10 жаңа кәсіпорын пайда болады. Өңірде инвесторлар сабаннан қағаз өнімдерін жасайтын тағы бір зауыт салуды жоспарлап отыр.

- Сонымен қатар, біз экологиялық таза өндіріске бет бұрдық.Өйткені, әлем полиэтиленнен біртіндеп бас тартып, табиғатқа зиян келтірмейтін экологиялық таза құрағыштардан қағаз шығаруға көшіп жатыр, - деді Құмар Ақсақалов. 

Тағы да оқыңыздар:ЖКО 29 жастағы қала тұрғыны қаза тапты