18+

Президент: Иммундау процесін жалған паспорттар тежеп отыр

Иммундау процесін жалған паспорттар тежеп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде осылай мәлім етті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі. 

-Иммундау процесін тежейтін тағы бір өзекті мәселе – жалған вакцинация паспорты. Бұл жағымсыз құбылыстың таралуымен байланысты кез келген әрекетті тез арада тоқтату маңызды. Жұмыс басталды, оны жалғастыру керек», - деді Президент. Ол Ішкі істер министрлігі жанынан қоғам өкілдері мен халықтан ақпарат алып, өңдейтін ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырды.

-Вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырамын. Мен бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтердім. Әңгіме елдің ұлттық қауіпсіздігі туралы болып отыр, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Тағы да оқыңыздар: Бескөл ауылында балық ауа райынан қырылған