18+

Жыл басынан облыста 233 адам жоғалған

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде адамдардың жоғалып, оларды іздеген жазбалар көбейді. Жыл басынан бері облыста 223 адам жоғалды.  Олардың 219-ы табылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі. 

Полицейлердің айтуынша, жоғалғандардың басым бөлігі туған-туыстарымен жанжалдасып кетіп қалған. Қазір тәртіп сақшылары  4 адамды іздеп жатыр. Олардың екеуі ер адам, екеуі әйел. Із-түссіз жоғалғандарды табу үшін полицейлер жеке құрамның күшін ғана емес «Лидер»  волонтерлар қозғалысының мүшелерін де тартады.

-4 жоғалған адам бойынша, ерікті көмекшілер және полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп келеді. Іздестіру орманды алқаптарда, саяжайларда,вокзал маңында жүргізіледі. Статистика бойынша, жоғалудың себебі үйдегі жалжалдар мен алкоголь ішімдіктері болып табылады,- СҚО ПД КПБ жедел уәкілі Құрманбек Жоламан. 

Тағы да оқыңыздар: Президент: Иммундау процесін жалған паспорттар тежеп отыр

Урок мужества
13:51, Вчера