18+

Облыс бойынша 22 сынып карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында оқу жылының басынан бері 19 мұғалімде коронавирус анықталды, деп хабарлайды7152.kz тілшісі. 

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысыӘсет Жұматаев 19 педагогтың бесеуі штаттық режимде жұмыс істегенін хабарлады.

-Мектеп жасындағы балалар арасында коронавирус жұқтырудың 84 жағдайы тіркелді. Барлығы демалыста ауырған,  мектепке байланысты инфекция  жұқтыру болған жоқ. Облыс бойынша 22 сынып карантинде. Карантинге жабылған мектептер жоқ. Колледжде карантинде-екі топ. Балабақшаларда 1 қыркүйектен бастап коронавирус жұқтырған 4 бала анықталды. Өткен екі аптамаен салыстырғанда мектеп жасына дейінгі балалар арасында аурушаңдық үш есеге төмендеді,- деп хабарлады Ә.Жұматаев. 

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Құсемісов қазір COVID-19-мен 165 бала ауырып жатқанын айтты. Оның 25-і стационарларда ем алып жатыр. Оның ішінде бір баланың жағдайы ауыр.

Тағы да оқыңыздар: Петропавлда 18-19 қыркүйек күндері су беру тоқтатылады