
ҚЫЗЫЛЖАР СУ
10:00, 10 сентября 2021 г.
Надежный источник
Петропавлда 18-19 қыркүйек күндері су беру тоқтатылады
ҚЫЗЫЛЖАР СУ

Петропавлда 18-19 қыркүйек күндері су болмайды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Жыл сайынғы профилактикалық жұмысқа сай, қаланы сумен қамтитын «Қызылжар су» ЖШС сумен жабдықтау желіcін дезинфекциялау және жуып-шаю үшін 18-19 қыркүйек күндері су беруді тоқтатады. Бұл күндері құбырдан немесе сырттағы су құдығынан суды алып пайдалануға және тамақ әзірлеуге тыйым салынады.
- Есіл өзенінде жазда су температурасы көтеріліп, су қоймасында микробиология көрсеткіштері өседі, салдарынан судың сапасы нашарлайды. Бұл мәселені шешу үшін біз су құбыры желілерін жуып-шайып, зарарсыздандырамыз. Су беруді сенбі 18 қыркүйек күні сағат 00.00-де тоқтатуды жоспарладық. Ал дезинфекция мен жуып-шаюды сол күні сағат 22.00-де бастаймыз. Сол себепті алдын ала жеткілікті мөлшерде су құйып алуды сұраймыз. Өйткені бұл кезде кранның суын пайдалануға болмайды. Уақытша ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймын және оған түсіністікпен қараңыздар, - деп жазды желідегі парақшасында «Қызылжар Су» ЖШС бас директоры Жеңіс Сұлтанов.
Тағы да оқыңыздар:Банктер қазақстандықтардың ақшасын негізсіз ұстап отырған
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:08
13:24
4 ноября в календаре: от народного единства до сладких праздников и загадок древнего Египта
Какой сегодня день
12:33
Цифровизация по-североказахстански: как регион воплощает в жизнь поручения президента
Послание Президента
12:00
ТОП новости
Объявления
05:15, 23 октября
18:00, 23 июня