18+

Жалған вакцинация паспортын жасаған фельдшер сотталды

Айыртау ауданында вакцинация паспортын қолдан жасап келген медициналық қызметкерге сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Айыртау аудандық соты осы ауданның орталық ауруханасының фельдшеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Медициналық қызметкер 14-21 тамыз аралығында жұмыс орнында «Профилактикалық екпе есеп журналына» жалған мәліметтерді енгізген. Соның негізінде «Вакцинация модулі» автоматтандырылған жүйесінде жалған вакцинация паспорттары қалыптастырылған. Сотталушының кінәсі толық дәлелденді.

-Ресми құжатты қолдан жасағандарға айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстар, бостандықты шектеу немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда, сот үкім шығармас бұрын жазаны жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды есепке алады. Ол жүктілік, асырауында жас балалардың болуы және шын жүректен өкіну болуы мүмкін, - делінген хабарламада. Айыртау аудандық соты жазаны ауырлататын жағдайлардың болмауын есепке алып, медициналық қызметкерге бір жылға бостандығын шектеу жазасын кесті.

Тағы да оқыңыздар:Өңірде Ashyq жүйесінің көмегімен барлығы 66 адамға 2 млн 797 мың теңгеге айыппұл салынды

Погода
14:51, Сегодня