• Главная
  • Өңірде Ashyq жүйесінің көмегімен барлығы 66 адамға 2 млн 797 мың теңгеге айыппұл салынды
ASHYQ ҚОСЫМШАСЫ
16:00, 7 октября 2021 г.
Надежный источник

Өңірде Ashyq жүйесінің көмегімен барлығы 66 адамға 2 млн 797 мың теңгеге айыппұл салынды

ASHYQ ҚОСЫМШАСЫ
Өңірде Ashyq жүйесінің көмегімен барлығы 66 адамға 2 млн 797 мың теңгеге айыппұл салынды

Өңірде Ashyq жүйесінің көмегімен барлығы 66 адамға 2 млн 797 мың теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Петропавлда ПТР-тест талдаулары оң нәтиже көрсеткен адамдар арасында  карантиндік режимді бұзу жағдайлары жиілеп кетті. Негізінен, режимді бұзушылар сауда орталықтарында, базарларда, дүкендерде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеледі. Санитар мамандардың мәліметінше, көпшілік  «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар үйлерінен шықпай-ақ, «Ashyq» жүйесінің жұмысын тексермек болады екен. Олар таныстарынан қоғамдық орындарда QR кодты суретке түсіріп, телефонына жіберулерін сұрайды. Содан кейін үйден шықпай -ақ QR кодын сканерлеп, қосымшаның жұмысын тексереді немесе өз гаджетін басқаларға пайдалануға береді. «Ашық» автоматты түрде адамның мәртебесін анықтайды, карантинді бұзушы ретінде тіркейді. Жеке тұлғалар үшін айыппұл - 87 510 теңге. Өңірде Ashyq жүйесінің көмегімен барлығы 66 адамға 2 млн 797 мың теңгеге айыппұл салынды.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ПТР оң нәтижесі бар азаматтар мен олармен байланыста болған адамдар 14 күн үй карантинінде болуға міндетті екенін еске салады.

Тағы да оқыңыздар: 5 қап Artemia salina шаянын заңсыз жолмен аулағандар ұсталды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019#карантин#ashyq
Последние новости
ТОП новости
Крик души жителей улицы Интернациональная, 30 в Петропавловске: горячей воды нет почти два месяца
Проблема
Территория безопасности: в Петропавловске обсудили, как защитить себя, свое здоровье и личное имущество от современных угроз
Закон и порядок
Каждый пятидесятый знак с нарушениями: в СКО проверили состояние дорожной инфраструктуры
Общественная безопасность
Народные игры в Туркестане: борцы СКО взяли золото и бронзу в соревнованиях по қазақ күресі
Спорт
Объявления