Солтүстік Қазақстан облысында тағы да бір жеңіл көлік жүргізушісі жолға шыққан малды соғып, салдарынан бірнеше қой өлді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 12 қазан күні сағат 09.15-те орын алды. Шал ақын ауданының 68 жастағы тұрғыны Mitsubishi көлігімен «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Есіл ауданы Қаратал ауылының маңында қойларды соқты. Салдарынан 16 бас малға зақым келді. Жол-көлік оқиғасы мал өтетіндігі туралы ескерту белгісінің аумағында болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл дерекке қатысты СҚО полиция департаменті түсінік берді.
- Жүргізуші аман, көлік механикалық зақымданды. Қазіргі уақытта СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері материал жинап, жол учаскесінің осы бөлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде - деп түсініктеме берді СҚО ПД.
Бұл бір айдың ішінде орын алған осындай үшінші оқиға.
Тағы да оқыңыздар: Серіктестік аумағынан зығыр ұрлаған екі күдікті ұсталды