Облыс прокуратурасымен интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Тоқта, алаяқ!» профилактикалық акциясы өткізілуде, «7152.kz тілшісі хабарлайды.
Акция аясында прокуратура, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері азаматтармен кездесулер өткізіп, ақпараттық материалдар таратып, алаяқтықтың кең таралған тәсілдерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ерекше назар егде жастағы адамдар мен зейнеткерлерге аударылады, себебі олар көбінесе телефон және интернет алаяқтарының құрбанына айналады
Облыс прокуратурасы азаматтарды сақ болуға, бөгде адамдарға SMS-кодтарды, құпия сөздерді, банк карталарының деректерін бермеуге және қандай да бір «қауіпсіз шоттарға» ақша аудармауға шақырады.
Естеріңізде болсын, қырағылық пен уақтылы ақпараттану алаяқтық әрекеттерден қорғанудың ең тиімді жолы болып табылады