• Главная
  • СҚО-да түрмеде отырған ерлі-зайыптыларға онлайн кездесу ұйымдастырылды
Бейне байланыс
11:18, 22 мая 2020 г.

СҚО-да түрмеде отырған ерлі-зайыптыларға онлайн кездесу ұйымдастырылды

Бейне байланыс
Фото: ҚАЖД ЕС-164/6

Фото: ҚАЖД ЕС-164/6

Солтүстік Қазақстан облысында түрмеде отырған ерлі-зайыпты бейне байланыс арқылы кездесті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Пандемия кезінде жақын адамдармен әлеуметтік пайдалы байланыстардан қол үзбеу мақсатында СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесі моральдық-этикалық құндылықтарды баулу мақсатында бірқатар шаралар өткізуде. 

Бүгінде Урмановтар жанұясы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жүр. Сотталушы Тимур Урманов қамауға былтырғы жылдың аяғында түсті, ал оның жұбайы С. Урманова әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқанына бір жылға таяп қалды. Отбасы жайлы әңгіме қозғалса, Тимур жарына күнде хат жолдап, оның жауабын асыға күтетіні айтады. Мекеме басшыларының рұқсатымен сотталған азаматтар үшін "Skype" арқылы сөйлесуге мүмкіндік берілді.

Тимур әйелімен бостандықта жүргенде үйленген екен. Қазір жалғыз қыздары бар. Бүгінде ол әжесімен бірге тұрады. 

Сотталғандар жұнұясымен байланыс үзбей, әрдайым сөйлесіп тұрады. Орган қызметкерлерінің айтуынша, бұл олардың тәртібіне оң әсерін тигізіп жатыр. Қазіргі уақытта Урманова С. СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің «Щеголев» ЖК тоқыма цехінде жұмыс істейді, ал, Тимур бос уақыт және өзі-өзін тәрбиелеу секциясы мәдени шараларының белсенді қатысушыларының бірі.

Зарина Файзулина

Тағы оқыңыздар: Басқа өзекті мақалаларҚасиетті Рамазанда еліміздегі нөмірі бірінші көпбалалы отбасына көмек берілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#СКО сотталғандар #онлайн кездесу #пандемия #СҚО #СҚО жаңалықтары

Комментарии

Последние новости
ТОП новости
Бюджетные деньги освоены, а пунктов временного содержания животных в СКО как не было, так и нет
Содержание животных
В родные стены – с золотой медалью: в Петропавловске встретили чемпиона мира Айдоса Султангали
Спорт
В строительно-монтажной компании Петропавловска СКО под колесами трактора погиб начальник цеха
ЧП
В селе Новоишимское СКО снова расстреляли собак: жители говорят о самоуправстве и насмешках полиции
Проблема
Объявления