• Главная
  • СҚО мектептерінде кезекшілік сыныптар жұмыс істейтін болады
1 сынып оқушылары
19:30, 15 июля 2020 г.
Надежный источник

СҚО мектептерінде кезекшілік сыныптар жұмыс істейтін болады

1 сынып оқушылары
Фото: из открытых источников

Фото: из открытых источников

1 сынып оқушылары 1 тамыздан бастап кезекші топқа өтініштерін тапсыра алады, - деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Бұл туралы  Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы Гулмира Каримова хабарлады.

-Кеше Үкімет отырысында Білім министрі Асхат Айтмағамбетов сөз сөйлеп, жаңа оқу жылындағы білім беру ұйымдарында оқыту форматы туралы шешім қабылдады.  Қазіргі уақытта күрделі эпидемиологиялық ахуал дамуда, сол себепті жаңа оқу жылының бірінші тоқсанын қашықтықтан өткіземіз деген шешім қабылданды. Әрине бұл күрделі шешім, ең бастысы бүгінгі ахуал, ең қажеттісі ол балалар мен мұғалімдердің денсаулығы. Сондықтан, біздің мақсатымыз 1-ші қыркүйекке дейін барлық тиісті жағдайды жасап беру,- деп хабарлады Гулмира Каримова.

Баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері білім беру ұйымдарына оқушының қалауын, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып таңдайды және қабылдау жағдайларына сәйкес онлайн режимінде өтініш бере алады.

- 1 тамыздан бастап 1 сынып оқушылары кезекші топқа өтініштерін тапсыра алады. Біз 1-сынып балаларының қашықтықтан оқыту форматында оқу қаншалықты қиын екенін түсінеміз, сондықтан ата-аналардың өтініші бойынша сабақтарға қатысу мүмкіндігі беріледі. Оқушылыр саны 10-15 аралығында болуы қажет.  Төрт сатылы дезинфекциялық сүзгі болады: дезинфекциялық кілемше, термометрия, маска режимі, санитарлық тазартқыштар. Сонымен қатар, желдету, кварц және ылғалды тазарту режимі күшейтіледі »,- деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы.

Солтүстік Қазақстан облысында 287 мектеп бар, оңда 14 мыңнан астам бала оқиды, 580 компьютер сатып алды, енді 1000 компьютер қалды.

-Сонымен қатар  оқушылырға тек бір сыныпта, бір мұғаліммен бірге оқитынын айтты. Биыл 9 мың бала бірінші сыныпқа барады деп жоспарлануда.Әлеуметтік қашықтықты ұйымдастыру үшін ауысымдардың саны артады, кіші ауысымдар пайда болады, топтарға бөлінеді, олардың саны 10-15 баладан аспайды, оқу күндері кезектеседі. Сонымен қатар, ағылшын тілі, технология және денешынықтыру т.б сабақтары қашықтықтан өткізіледі ,-деп мәлімдеді Гулмира Каримова

Ведомствоның басшысы сонымен қатар бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтініштер 1 тамызға дейін қабылданады деп атап өтті. Өтініш берген кезде медициналық анықтама талап етілмейді. Мұны кейінірек аймақтағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде беруге болады.

Читайте также: Четыре этапа дезинфекции будут проходить учащиеся дежурных классов в СКО.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Казахстан #Новости СКО #Новости на сегодня #Карантин #Коронавирус #КВИ #ИВЛ #Школы СКО #Школы на карантине

Комментарии

Объявления
live comments feed...