Құрбандық шалуға онлайн тапсырыс 30 шілдеге дейін қабылданады

Фото: из открытых источников, Венера Тұрагелді
Фото: из открытых источников

Солтүстік Қазақстан облысында Құрбан айт мейрамын 3 күн бойы онлайн режимінде тойлайды, деп 7152.kz. тілшісі хабарлайды.

Бүгін «Qyzyljar» телеарнасында өткен брифинг барысында «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы биылғы онлайн режимінде өтетін Құрбан айт жайлы толықтай айтты.

Құрбан айт мейрамын Ғұламалар Кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз аралығында мешіттер жабық болғандықтан онлайн режимінде өткізіледі. Осы мақсатта qurban2020.kz сайты толықтай жұмыс жасайды.

-Біздің мақсатымыз азаматтардың құрбандығын шалып беруді ұйымдастыру. Онлайн тапсырыс арқылы құрбандық шалу кезінде үйреншікті болған малды өзіміз таңдау, қасапшының жанына барып өзіміз сою секілді жағдай болмайын деп тұр. Бұл жобаны карантин кезінде құрбан шалуға ниет еткен азаматтардың тілегін жүзеге асыруға мүмкіндік ретінде ұсынып отырмыз, осы ретте азаматтарға айтарым пендешілікке салынбай, мал бағасын көтеріп пайда табуды емес, сауапты іске атсалысайық - деді бас имам.

Тағы бір ескеретін жағдай осы кезге дейін Құрбан шалған азаматтар етті үшке бөліп, бір бөлігін ағайын-туыс, көрші қолаңға арнап айттық дастарханын жаятын. Пандемия жағдайына байланысты сойылған ет биыл түгелдей әлеуметтік аз қамтылған жандарға, мұқтаж отбасыларға беріледі.

Qurban2020.kz сайты – жайлы СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының СҚО бойынша өкілі Мухаммадзахир Мирзаев брифингте сөз сөйледі.

-Халықтың өтінішін ескере келе Бас мүфтидің тапсырмасымен іске қосылған сайтқа қазірдің өзінде өтініш беру басталды. Мұнда еліміздің бүкіл аймағы қамтылған. Сайт құрбан шалуға өтініштермен қоса мұқтаждардың да өтінішін қабылдайды. Яғни сіз өзіңіздің аз қамтылған отбасы екеніңізді дәлелдейтін құжатыңызды да сайтқа саласыз. Кейін өтініш қабылданған соң сойылған етті еріктілер мұқтаж жандарға жеткізеді, - деп Мухаммадзахир Имамұлы айтты.

Сіз шалынатын малды көрем десеңіз біздің мамандар фото-видео түрінде көрсетілген нөмірге SMS-хабарлама жібереді.

Qurban2020.kz сайтына кіргеннен кейін бірнеше батырма болады. Тапсырыс жасайтындар «Құрбандық малын шалу үшін тапсырыс беру» деген батырманы басады. Одан кейін бірнеше мәлімет енгізу керек. Олар: 

·өңірді таңдау;

·аты-жөнін және телефон нөмірін жазу; 

·құрбандық малын таңдау;

·құрбандық есебін белгілеу/белгілемеу (телефонда WhatsApp мессенджері болуы керек)
төлем жасау
.

Құрбандық шалуға онлайн тапсырыс 30 шілдеге дейін қабылданады. Кез-келген азамат онлайн түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алады.

Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, облысымызда құрбан шалу орны ашылған. Діни рәсім жергілікті әкімдік пен санитарлық-дәрігер мамандардың рұқсатымен, тәртіп сақшыларының қадағалауымен карантин талаптарын қатаң түрде сақтай отырып орындалады.

Басқа өзекті тақырыптар: 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды.

СҚО жаңалықтары Бүгінгі жаңалықтар Құрбан айт 2020 Құрбан айт онлайн Құрбан айт СҚО
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Оцените первым
(0 оценок)
Пока еще никто не оценил
67 просмотров в декабре
Пока никто не рекомендует
Авторизируйтесь ,
чтобы оценить и порекомендовать
Подпишитесь на нас: Yandex News Yandex Zen

Комментарии