Құрбан айт: Солтүстік Қазақстан облысының бас дәрігері жарлыққа қол қойды

Фото: из открытых источников, Венера Тұрагелді
Фото: из открытых источников

29 шілде Солтүстік Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігері Серікбай Касмақасов Құрбан айт мерекесі кезінде коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Серікбай Касмақасов аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасына, СҚО бойынша ҚМДБ мен «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы, меншік түріне қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына тапсырмалар берді.

 2020 жылғы 31 шілдеден бастап 2020 жылғы 2 тамызға дейін Құрбан айтты тойлау кезінде:

1)меншік түріне қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй және мешіттерде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын;

2) мал союды ұйымдастыруға және жүргізуге, облыстағы көлік құралдарынан малды сатуға және жеке үй шаруашылықтарында малды сатуға тыйым салынсын;

3) qurban2020.kz сайтына өтінімдер жіберу арқылы мал сою орындары анықталсын және құрбандыққа шалудың онлайн режимін ұйымдастырсын;

4) ветеринариялық сертификаты бар малды сою жабық режимде, тек тапсырыс және жеткізілім бойынша, келушілерсіз, жүргізілсін;

5) мұқтаж тұлғаларға тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынатын малдың етін) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін, тартылатын адамдарды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етсін.

ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы аймақтағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күшейтеді, оның ішінде мал сойумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларының қаулының тармақтарының орындалуын бақылау. Солтүстік Қазақстан облысының полиция басқармасы бөтен адамдардың мал союға арналған орындарға, мал сою цехтеріне кіруіне жол бермеуге бақылауға міндетті. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан және Петропавл қ. әкімдеріне,  ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына жүктелінетін болады.

Басқа өзекті тақырыптар: Құрбандық шалуға онлайн тапсырыс 30 шілдеге дейін қабылданады.

СҚО жаңалықтары Бүгінгі жаңалықтар Құрбан айт мейрамы Құрбан айт 2020 Құрбан айт СҚО
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Оцените первым
(0 оценок)
Пока еще никто не оценил
20 просмотров в ноябре
Пока никто не рекомендует
Авторизируйтесь ,
чтобы оценить и порекомендовать
Подпишитесь на нас: Yandex News Yandex Zen

Комментарии