• Главная
  • Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылады
соңғы қоңырау
10:53, 25 мая 2021 г.

Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылады

соңғы қоңырау
Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылады

Бүгін еліміздегі мектептердің бәрінде соңғы қоңырау соғылады. СҚО 3409 түлек үлкен өмірге қадам басады, деп хабарлайды 7152.kz  тілшісі.

Пандемия осымен екінші жыл қатарынан мектептердегі соңғы қоңырау рәсіміне өзгеріс енгізіп отыр. Білім және ғылым министрлігі биылғы соңғы қоңырау шараларын үш түрлі форматта өткізуге рұқсат беріп отыр. Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Майра Мелдебекованың айтуынша, дәстүрлі форматтағы соңғы қоңырау негізінен 9 және 11 сынып түлектері үшін ұйымдастырылмақ. Бірақ өзге сыныптарға жаппай шектеу қойылып отырған жоқ.

-Біріншіден, аттестат алатын сыныптар үшін мектептегі соңғы қоңырау екенін ескере отырып, 9-11 сыныптарға дәстүрлі форматта өткізуді ұсындық. Екінші формат бойынша әр сынып жеке өткізе алады. Жеке оқушыларды шақырып та, сынып сағаты ретінде де өткізуге болады. Үшіншіден, өздері үйренген онлайн формат бойынша өткізе алады, - дейді Майра Мелдебаева.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты түлектерге аттестат тапсыру салтанаты әр мектептің ауласында, кесте бойынша өтуі тиіс. Яғни, бұрынғыдай орталық алаңдарда салтанатты шаралар ұйымдастыруға тыйым салынып отыр. Сонымен қатар, кештер де ұйымдастырылмайды. Бұл істі жергілікті атқарушы органдар қадағалауы тиіс.  

Ең бастысы, бүгін соңғы қоңырау соғылғанымен, оқу жылы толық аяқталмайдыашықтан оқытуда кеткен олқылықтардың орнын толтыру үшін 26 мамыр мен 19 маусым аралығында жазғы мектеп жобасын ұйымдастырылады.  Оған оқушылардың қатысуын ата-аналардың өзі шешеді.

Биыл 3 409 солтүстікқазақстандық түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Түлектердің 153-і «алтын белгіге», ал 112-сі үздік аттестатқа үміткер.

Тағы да оқыңыздар: Мемлекет басшысы қоныс аударған азаматтарға салынған үйлердің сапасын тексеруді тапсырды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #білім беру #соңғы қоңырау #түлек
Последние новости
ТОП новости
Масштабный апгрейд: в Петропавловске построят концертный зал на 1000 мест и проведут крупнейший театральный фестиваль
Культура
Маньяк вернулся: в Петропавловске на горожанку напал серийный насильник и убийца, вышедший на свободу после 25 лет колонии
ЧП
Открытый диалог с обществом: прокурор СКО обсудил с Общественным советом проблемы, волнующие жителей региона
Закон и Порядок
В Казахстане почти на 50% выросло производство сливочного масла
Промышленность
Объявления