
Мемлекеттік рәміздер
15:09, 4 июня 2021 г.
Надежный источник
Мемлекеттік рәміздер күніне орай бірнеше акция өтті
Мемлекеттік рәміздер

Петропавлда Мемлекеттік рәміздер күніне орай бірнеше акция ұйымдастырылды. Көпқабатты үш үйдің тұрғындары балкондарына ту ілсе, Жастар жағы түрлі флешмоб ұйымдастырып, «Менің туым» акциясына қатысты. Олар сауда үйлерінің маңында көпшілікке жалау таратты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Еріктілер мен қалалық ресурстық орталықтың мамандары жаяу жүргіншілер мен автокөлік иелеріне 400-ден астам мемлекеттік жалаушаларды таратты. Акцияға қатысушылар шаһардағы ірі сауда үйлері мен базар маңындағы автотұрақтарды қамтыды.
- Біздің мақсатымыз - азаматтарымызға кішкентай жалаушаларды тарату, - дейді шараны ұйымдастырушы Руслан Гавитанов. – Оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау және рәміздерімізге құрметпен қарап, ұмытпауы үшін акцияға қатысып жатырмыз.
Акцияға жастар ұйымдарынан 30-ға жуық ерікті қатысты.Сондай-ақ бүгін мерекеге орай Петропавлдың орталық алаңында мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді. Тұғырға салтанатты түрде СҚО-дағы ең үлкен көк байрақ көтерілді. Флагштоктың ұзындығы – 50 метр, тудың ұзындығы 10 метр болса, ені – 5 метр.
-Ту көтеру рәсіміне 30-ға жуық волонтер қатысты. Жалпы біздің мақсатымыз – жастар бойында патриоттық сезімді ояту. Сонымен қатар, сауда және ойын-сауық орталықтарының жанында волонтерлер автокөліктерге арналған жалауларды тегін таратады, - дейді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Әлфараби Мыңбай.
Ал мемлекеттік мекемелер жұмыс күнін Әнұран айтумен бастады.
Тағы да оқыңыздар:Бүгін - мемлекеттік рәміздері күні
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Прорыв Кайрата в Лигу чемпионов отодвинул на второй план многие новости в Kaznet
Обзор казахской прессы
20:27
Вчера
19:16
30 августа
Петропавловск отметил 30-летие Конституции РК большим концертом на Центральной площади
День Конституции
18:49
30 августа
Қайрат Әбдіханов: Конституция не символ, а инструмент защиты, который провозглашает человека высшей ценностью
30 лет Конституции РК
11:20
30 августа
Защита конституционных прав –миссия прокуратуры
День Конституции
21:18
29 августа
Прямые выборы акимов районов и городов – яркий пример реализации принципов Конституции РК
День Конституции
20:57
29 августа
Амнистия к 30-летию Конституции: более 200 осужденных в СКО получили шанс на новую жизнь
День Конституции
20:26
29 августа
ТОП новости
Объявления
Комментарии