• Главная
  • Бірлік ауылында жоғалған зейнеткердің денесі табылды
СҚО ТЖД
15:40, 19 июня
Надежный источник

Бірлік ауылында жоғалған зейнеткердің денесі табылды

СҚО ТЖД
Бірлік ауылында жоғалған зейнеткердің денесі табылды

Құтқарушылар бірнеше күн бұрын жоғалып кеткензейнеткердің  денесін тапты, деп хабарлайды 7152.kzтілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамың Бірлік ауылынан алты шақырым жерде денесі Есіл өзенінен табылған. Ер адам сыртқы киімін шешпеген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, өлімнің мән-жайы анықталуда.

-69 жастағы ер адам 14 маусымда кешке жоғалып кетті. Іздеу жұмыстарын жүргізу барысында Бірлік ауылынан екі шақырым жерден оның автокөлігі табылды. Өзен жағасында адамның ізі анықталды.  Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерін тарту туралы шешім қабылданды. 15-17 маусым аралығында іздеу жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар мен сүңгуірлер Есіл өзенінің арнасы бойынша 44 шақырымды  жүріп өтті - деді баспасөз қызметі.

Есіл өзені Бірлік ауылынан 300 метр қашықтықта ағып жатыр. Ол жағалау суда шомылу үшін жабдықталмаған.

Тағы да оқыңыздар: Аққайың ауданында мас ер адам танысының көлігін мініп кетті

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ТЖД #Есіл ауданы #зейнеткердің денесі табылды

Комментарии

Объявления
live comments feed...