• Главная
  • КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын азаматтардан ПТР-тест талабы енгізілуі мүмкін
COVID-20019
18:08, 22 июня 2021 г.
Надежный источник

КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын азаматтардан ПТР-тест талабы енгізілуі мүмкін

COVID-20019
КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын азаматтардан  ПТР-тест талабы енгізілуі мүмкін

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті деп хабарлайды, 7152.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отырыс барысында ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан қаласында «Дельта» ("Үнді") штамына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне карантиндік режим бойынша мынадай қосымша шаралар қабылдауды ұсынды:

-COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) ірі ұйымдасқан ұжымдардың (өнеркәсіптік кәсіпорындар), қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу;

-КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тест талабын енгізу;

-«Ashyq» жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерді қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персонал үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) вакцина салдыру қажеттілігі жөнінде талап енгізу;

-«Ashyq» жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түліктік емес базарларды қосу.

Тағы да оқыңыздар: Учаскелік инспекторларға жаңа көліктер берілді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019

Комментарии

Объявления
live comments feed...