• Главная
  • 93 жастағы қария КВИ-ға қарсы вакцина салдыртты
Вакцинация
11:23, 23 июня 2021 г.
Надежный источник

93 жастағы қария КВИ-ға қарсы вакцина салдыртты

Вакцинация
93 жастағы қария КВИ-ға қарсы вакцина салдыртты

Қызылжар ауданы Петерфельд ауылының 93 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Әнуарбек Жакупов 1928 жылы  дүниеге келген. Мағжан Жұмабаев ауданында 40 жыл еңбек еткен қария бүгінде Петерфельд ауылында тұрып жатыр. Еңбек ардагері  «COVID-2019» індетінің таралмауына өз үлесін қоспақ ойымен, жергілікті медицина мекемесіне вакцина алуға келген. Қарияға «Hayat-Vax» вакцинасы егілді. Вакцина алғаннан кейін Әнуарбек Жакупов өзін жақсы сезінетінін айтты. Екінші күні де ешбір реакция байқалмапты. Әнуарбек Тұрсынбекұлы өзгелерді коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды.

-Уколдан қорқуға болмайды. Денсаулық-зор байлық. Қорықпаңыздар, егіліңіздер! Бала-шағаларыңыз аман болсын!

 Осыған дейін мамыр айында Петропавлда ҰОС ардагері  вакцина салдыртқан болатын. Қазіргі таңда облыста вакцинаның 1-ші компонентін 90816 жерлесіміз алса,  62431 адам вакциналанғандардың қатарында.

Тағы да оқыңыздар: КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын азаматтардан ПТР-тест талабы енгізілуі мүмкін

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019 # 93 жастағы қария вакцина салдыртты
Последние новости
ТОП новости
Маньяк вернулся: в Петропавловске на горожанку напал серийный насильник и убийца, вышедший на свободу после 25 лет колонии
ЧП
Открытый диалог с обществом: прокурор СКО обсудил с Общественным советом проблемы, волнующие жителей региона
Закон и Порядок
Звездный концерт, чествование династий и праздничный «Арбат»: как прошел День города в Петропавловске
День города
Экопарк, велосипеды и драйв: Петропавловск отметил День города масштабным триатлоном
День города
Объявления