• Главная
  • Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 3 шаруашылықтың жұмысы тоқтатылды
экология
15:15, 24 июня 2021 г.
Надежный источник

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 3 шаруашылықтың жұмысы тоқтатылды

экология
Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 3 шаруашылықтың жұмысы тоқтатылды

Солтүстік Қазақстан облысында экология департаменті жарты жылда 21 тексеріс жүргізіліп, 80-нен аса заңбұзушылық анықтаған, деп хабарлайды 7152.kzтілшісі.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов атқарылған жұмыс жайында есеп берді. Айтуынша, жыл басынан 21 тексеріс ұйымдастырылды. Оның 9-ы профилактикалық сипатта нысанға бару арқылы, 11-і жоспардан тыс және біреуі біліктілік талабына сәйкестігін анықтау үшін жүргізілді. Нәтижесінде 80 заң бұзушылық анықталды, соның 78-іне олқылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.

-Жарты жылдың ішінде департамент қоршаған ортаға келтірілген шығынды өтеуге 10 талап жолдады. Шығын сомасы 11 млн теңгеден асады. Сегізі бойынша 10,5 млн теңге төленді. Екеуі бойынша ерікті төлем мерзімі әлі біткен жоқ. Экологиялық заңнаманы бұза отырып жұмыс істеген 4 шаруашылық нысанына қатысты іс сотқа жолданды. «Бескөл құс фабрикасы», «Қызылжар су» және «Зенченко және К» ЖШС нысандары олқылықты жойғанша жұмысын тоқтатты. Ал «Северный Поток СК» ЖШС бойынша іс әлі сотта жатыр, - дейді Азамат Бектасов.

Бұдан басқа 16 әкімшілік хаттама толтырылып, соның 14-і бойынша шамамен 1,5 млн теңге сотқа жетпей өндіріліп алынды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #экология #брифинг

Комментарии

Объявления
live comments feed...