СҚО ПД
16:28, 24 июня 2021 г.
Надежный источник
Петропавл тұрғынын интернет арқылы алдаған алматылық ұсталды
СҚО ПД
Петропавл тұрғынын интернет арқылы 800 мың теңгеге алдады деген күдікпен 23 жастағы алматылық ұсталды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл сәуір айында Петропавл тұрғыны полицияға арызданып, өзінің интернет-алаяққа алданғанын айтқан. Ол Instagram әлеуметтік желісіндегі пабликтердің бірінде хабарландыруды көріп, көтерме бағамен балалар киімін алмақшы болады. Әйел «сатушыға» 800 мыңнан астам теңге аударады, кейін алаяқ байланысқа шықпай қояды. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша енгізілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмысқа Алматы облысының 23 жастағы тұрғынының қатысы барын анықтады. Полицейлер күдіктіні қызметтік іссапар барысында ұстады. Енді оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау үшін материалдар Алматыға жіберілмек.
-Адамдар интернет арқылы заттарды сату және сатып алуда сақ бола бастағанымен, алдын ала төлем талап етумен байланысты алаяқтық әлі күнге дейін кездеседі. Желіде ұсынылатын тауар мен қызметтерді тексеру, қосымша фото, бейне материалдарды талап ету қажеттігін ескертеміз, - дейді Петропавл қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин.
Тағы да оқыңыздар: Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 3 шаруашылықтың жұмысы тоқтатылды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:21
Главный тренер североказахстанского ВК «Куаныш» о роли массового спорта в оздоровлении нации
Послание Президента
11:02
В Ботаническом саду Петропавловска плодоносят тропические растения
Ботанический сад
10:35
Посол Индии посетил Kozybayev University
Образование
09:43
Объявления
12:51, 3 октября
12:51, 3 октября
32
live comments feed...
Комментарии