• Главная
  • Екі адам ұрланған көлікпен жол апатына түсті
СҚО ПД
15:00, 26 июня 2021 г.
Надежный источник

Екі адам ұрланған көлікпен жол апатына түсті

СҚО ПД
Екі адам  ұрланған көлікпен жол апатына түсті

Петропавлда жоғалған жеңіл көлік Аққайың ауданында күйген қалпында табылды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусым күні таңертең Петропавл полициясына қала тұрғыны келіп, түнде біреулердің «Audi С4» автокөлігін айдап әкеткені туралы айтқан. Тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, бақылау-өткізу пунктері, аумақтық бөліністер бағдарланды. Нәтижесінде Аққайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қиялы ауылының маңындағы жолда жоғалған көлікке ұқсайтын жанып кеткен машинаны тапты. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаровтың айтуынша, көлік қасында жол-көлік оқиғасында зардап шеккен екі адам болған. Екеуі де жедел жәрдеммен аудан орталығы Смирновтағы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бабы бойынша енгізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Тағы да оқыңыздар:Петропавлда мотоциклшілер түнде Жамбыл көшесімен жүре алмайды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #ұрланған көлік табылды
Последние новости
ТОП новости
Маньяк вернулся: в Петропавловске на горожанку напал серийный насильник и убийца, вышедший на свободу после 25 лет колонии
ЧП
Открытый диалог с обществом: прокурор СКО обсудил с Общественным советом проблемы, волнующие жителей региона
Закон и Порядок
Звездный концерт, чествование династий и праздничный «Арбат»: как прошел День города в Петропавловске
День города
Экопарк, велосипеды и драйв: Петропавловск отметил День города масштабным триатлоном
День города
Объявления