
СҚО ПД
15:55, 28 июня 2021 г.
Надежный источник
Жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды
СҚО ПД

Петропавлда жеңгетайлықпен айналысқан 8 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетіне тоқсауыл қойылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
-Өткен аптада ел аумағында адам саудасы, жеңгетайлық және жұмысқа жегу мақсатында бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «STOP трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Операция барысында жалдамалы баспаналар, көңіл көтеру орындары, моншалар мен сауналар, қонақ үйлер вокзал маңындағы алаңдар мен өзге де нысандар тексерілді. 3 күннің ішінде 56 қылмыс, оның ішінде жұмысқа жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың - 2, адам саудасының - 2 және кәмелетке толмағандарды саудалаудың 2 фактісі анықталды, - деді ол.
Нұрділдә Ораздың дерегінше, мұнан бөлек жезөкшелікпен айналысудың 7 фактісі, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған қыздың әрекеті әшкереленді.
-Жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жайды әдейі берудің 20 және қоғамдық орында қылмыңдаудың 423 фактісі анықталды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Петропавлда бірнеше саунаны жезөкшелікпен айналысу үшін жалға алып, жеңгетайлықпен айналысқан 8 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетіне тоқсауыл қойды, - деді ресми өкіл.
Тағы да оқыңыздар: Бүгін- Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:46
Вчера
17:34
Вчера
16:47
Вчера
12:00
Вчера
11:08
Вчера
Объявления
19:37, 3 мая
12:26, 12 мая
live comments feed...
Комментарии