• Главная
  • Қызылжар ауданында екі жігіт суға батып бара жатқан адамды аман алып қалды
СҚО ТЖД
14:44, 29 июня 2021 г.
Надежный источник

Қызылжар ауданында екі жігіт суға батып бара жатқан адамды аман алып қалды

СҚО ТЖД
Қызылжар ауданында екі жігіт суға батып бара жатқан адамды аман алып қалды

Екі жігіт Есіл өзеніне батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 маусым күні Қызылжар ауданының Новоникольское елді мекенінде болған. Есіл өзеніне суға шомылуға барған 50 жастағы тұрғынды суға батып бара жатқан жерінен  сол маңда жүрген екі жігіт құтқарып қалған.

-Ер адам сүңгігендей болды, бірақ су бетіне шықпады. Бірден көмекке ұмтылдық. Оны бірінші болып Евгений тапты. Екеулеп жағаға сүйреп шығардық. Ер адамда тіршілік белгісі болмады, көгере бастады. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жасанды дем алғыздық, - дейді Новоникольское ауылының  тұрғыны Денис Алецкий. Жігіттердің қасында болған бойжеткен де бірден  «112» қызметіне хабарласып, болған жайтты айтқан. Құтқарушылар ауылдық округ әкіміне байланысып, ол өз кезегінде оқиға орнына жедел жәрдем қызметін жібереді. Медицина қызметкерлері зардап шегушіні қарап, облыстық ауруханаға жеткізді. Қазір ер адамның жағдайы қалыпты, ем алып жатыр. Ал оның құтқарушылары Новоникольское ауылының 37 жастағы тұрғыны Денис Алецкий мен Большая Малышка елді мекенінің 31 жастағы тұрғыны Евгений Осиповке бастарын қатерге тігіп, суға кеткен ер адамды алып шыққандары үшін СҚО ТЖД алғыс білдірді.

Тағы да оқыңыздар: Жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды



Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ТЖД #судан құтқарып қалды

Комментарии

Объявления
live comments feed...