• Главная
  • Мамин: Білім беру саласында міндетті вакциналау қажеттігі айқын байқалып отыр
вакцинация
15:17, 29 июня 2021 г.
Надежный источник

Мамин: Білім беру саласында міндетті вакциналау қажеттігі айқын байқалып отыр

вакцинация
Мамин: Білім беру саласында міндетті вакциналау қажеттігі айқын байқалып отыр

Үкімет отырысында Премьер-Министрі Асқар Мамин әкімдерге вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

-Санитарлық-эпидемиологялық ахуал өзгеріп барады. Өңірлерде вирусты жұқтырған адамдардың саны өсуде. Ауруханалардағы орындардың жүктемелігі 27 пайыз, ал жансақтау бөлімінде 24 пайызды құрап отыр. Елордадан басқа «қызыл» аймаққа тағы төрт өңір кірді. «Сары» мен «жасыл» аймақта алты өңірден бар. «Қызыл» аймақтардағы барлық өңірде шектеу шаралары қолданылып, мониторинг топтарының жұмысы күшейтілуі тиіс, - деді Үкімет басшысы.

Асқар Мамин осы жайттың бәрін ескеріп, резервтегі инфекциялық орындардың дайындығын пысықтап, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың жеткілікті болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

-Бүгінгі күні вакцинаның І компонентін 3,3 миллионға жуық адам салдырды. Шамамен 2 миллион адам ІІ компонентті ектірді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Әкімдер вакциана салу қарқынын күшейту керек. Бұл әсіресе Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына қатысты. Қызмет көрсету, білім беру саласында міндетті вакциналау қажеттігі айқын байқалып отыр, - деді Премьер-Министр.

Тағы да оқыңыздар: Қызылжар ауданында екі жігіт суға батып бара жатқан адамды аман алып қалды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019 #Мамин
Последние новости
ТОП новости
Почти 2 тысячи нарушений за девять дней: в СКО подвели промежуточные итоги рейдов «Безопасная дорога»
Закон и порядок
Озеро Пёстрое в Петропавловске очистят от многолетнего ила
Экология
Современный ангар, ТРЭКОЛ и зона для отдыха: в селе Смирново СКО после масштабной реновации открыли пожарную часть
ДЧС
Больше полутора тысяч правонарушений и строгий контроль за «кухонными бойцами»: как в СКО проходит акция «Қауіпсіз үй» 
Закон и порядок
Объявления