
СҚО ПД
10:55, 30 июня 2021 г.
Надежный источник
Полицейлер 600-ден астам қаруды жойды
СҚО ПД

Полицейлер бір жыл бойы тәркіленген,жұрт тапсырған және табылған 600-ден астам қаруды жойды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер жылына бір рет қару жою акциясын өткізеді. Бұл негізінен жедел-алдын алу іс-шаралары кезінде тәркіленген қару-жарақ. Жойылғанға дейін олар арнайы жабдықталған нысанда сақталады. Кейін тыл жағынан қамтамасыз ету басқармасының мамандары қаруларды атуға жарамсыз етіп, жәшіктерге салады. Ал жәшіктер арнайы күзетпен облыс кәсіпорындарының біріне жеткізіледі. Қару-жарақ салынған жәшіктер комиссия мүшелерінің көзінше ашылды. Оның барлығы үздіксіз бейнекамераға түсірілді. Кейін қару болат балқытатын пешке жөнелтілді.
- Осы жолы 627 қаруды жойдық. Пеште балқытуға 8 сағат уақыт кетті. Шара басынан соңына дейін комиссия мүшелерінің көзінше өтті. Өйткені әр қару қатаң есепте болды. Бұл акция полицейлердің заңсыз қаруды анықтап, тәркілеу бойынша бір жыл бойы жүргізген еңбегінің қорытындысы. Заңсыз қару-жарақты жою, онымен жасалатын қылмысты төмендетеді. Тұрғындарды тағы бір мәрте ескерткім келеді, үйде заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыру арқылы әкімшілік жазадан құтылуға болады, - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Айдос Ыдырысов.
Тағы да оқыңыздар: «Керуен-сарайдың» виртуалды нұсқасы пайда болады
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Долгожданной гостьей «Qyzyljar Сабантуй – 2026» стала Народная артистка Казахстана Роза Рымбаева
«Qyzyljar Сабантуй – 2026
18:56
Вчера
Гастрономический рейтинг, заблудившийся пастух и неосторожное высказывание
Обзор казахской прессы
18:00
Вчера
Праздник единства и традиций: в Петропавловске с размахом презентовали «Татарское подворье»
QYZYLJAR SABANTUI-2026
16:56
Вчера
В Петропавловске в рамках «Qyzyljar Сабантуй – 2026» торжественно открыли бюст Габдулле Тукаю
Qyzyljar Сабантуй – 2026
12:15
Вчера
21:00
25 июля
ТОП новости
Объявления
05:31, 25 июля