
COVID-20019
19:05, 2 июля 2021 г.
Надежный источник
Облыста 4 адамнан қауіпті үнді штамы анықталды
COVID-20019

Өңірде коронавирусты жұқтырғындар саны артып келеді. Облыста төрт адамнан қауіпті үнді штамы анықталды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, өңірде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Тек өткен тәулікте 27 адамда тіркелген. Жалпы соңғы аптада ауру 109-дан 129 жағдайға дейін, 18 %-ға өсті және одан әрі арта түспек. Сырқаттанғандардың 83 %-ында аурудың белгілері бар. Маманның айтуынша, аурудың көбеюіне үнді штамының елімізде пайда болуы және халықтың карантиндік шараларды сақтау тәртібінің төмендеуі себеп. КВИ жұқтырғандардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингінің нәтижелері бойынша 4 адамда «дельта» штамы, яғни үнді штамы анықталған.
- Коронавирустың белгілері бүгінде өзгерген. Инкубациялық кезең 5 күнге дейін қысқарған. Уланудың айқын белгілері бар. КВИ-дің өкпеден тыс түрлерінің жиілеуі, кейбір жағдайларда ішек симптомдары басым болады. Аурудың ерте кезеңінде өкпенің зақымдану аймағы ұлғайып, ауру тез дамиды. Ауыр және өте ауыр формасымен ауырған жас адамдардың үлес салмағы артып, балалар мен жүкті әйелдер қатты ауыратын болған. Сондай-ақ жүрек-қан тамыр жүйесінің асқынулары жиі кездеседі, - дейді СҚО бас санитар дәрігер.
Тағы да оқыңыздар: Зейнеткер немересін құтқарамын деп суға батып кетті
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:45
Вчера
16:00
Вчера
15:22
Вчера
14:48
Вчера
В Петропавловске будут судить живодера, зарезавшего любимца двора - пса Барсика на глазах у детей
Общественная безопасность
14:44
Вчера
У абитуриентов РК 89 тысяч шансов на успех: в Kozybayev University стартовал прием документов на гранты
Послание Президента
13:00
Вчера
ТОП новости
От них зависит здоровье человечества: в Петропавловске отметили лучших ветеринаров и животноводов
Герои своего дела
В Петропавловске определят лучших производителей региона: конкурс «Лучший товар Казахстана-2026» пройдет в День города
«Лучший товар Казахстана-2026»
Объявления
18:00, 23 июня
13:36, 10 июля