• Главная
  • Зейнеткер немересін құтқарамын деп суға батып кетті
оқыс оқиға
15:09, 2 июля 2021 г.
Надежный источник

Зейнеткер немересін құтқарамын деп суға батып кетті

оқыс оқиға
Зейнеткер немересін құтқарамын деп суға батып кетті

Қайғылы оқиға 1 шілде күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Неженка ауылының маңында орын алды. 1951 жылы туған ер адам жеті жастағы немересін құтқарып, Есіл өзеніне батып кетті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі. 

Ер адам Новоишим ауылының таксопаркінде таксист болып жұмыс істеген.  Бір күн бұрын ол тапсырыс алып, 1 шілдеде клиентті Бірлік ауылына апарды. Өзімен бірге  жеті жастағы немересінде алып барады.

- Кері қайтып келе жатып, ол Бірлік және Неженка ауылдарын жалғайтын Есіл өзеніндегі көпірге жақын жерде көлік жуу үшін тоқтаған,-деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Кейін ол жағада жүрген  немересінің суға құлап, батып бара жатқанын байқайды. Қатты ағыс баланы жаңадан алыс әкетіп ббара жатқанын көрген зейнеткер, оны құтқару үшін суға түседі. Немересін  жағаға шығарғанымен,  өзі шаршап, ағысқа төтеп бере алмай  батып кетті.

Сүңгуірлер ер адамды қараңғы түскенге дейін іздегенімен, нәтиже бермеді. Бүгін іздеу жұмыстары жалғасын тапты.

- Петропавлдан СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының іздестіру тобының сүңгуірлері келді. Барлығы 10 адам. Іздеу жұмыстарын өзеннің тереңдігі, ағыстың қатты болуы қиындатып отыр,- деп атап өтті ведомстводан.

Айта кетейік, 2 шілдедегі жағдай бойынша облыста су айдындарында адам өлімінің 10 жағдайы тіркелген, суға батқандардың арасында үш бала бар.

Тағы да оқыңыздар: Үнді штамы барлық облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында табылды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ТЖД #зейнеткер суға батып кетті

Комментарии

Объявления
live comments feed...