• Главная
  • Енді жүргізуші куәлігін алу қиындайды
жүргізуші куәлігі
16:26, 8 июля 2021 г.

Енді жүргізуші куәлігін алу қиындайды

жүргізуші куәлігі
Енді жүргізуші куәлігін алу қиындайды

Жүргізуші куәлігін алу қиындайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин айтты,деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Сүйеніш Әбділдин атап өткендей, мамандандырылған ХҚКО-да танымал қызмет түрі – жүргізуші куәліктерін беру. Кейбір азаматтар теориялық емтихан тапсырудың түрлі жолдарын іздейтіндері жасырын емес. Мысалы, орнына бөгде адам емтихан сыныбына кіргізуі, әртүрлі гаджеттер мен шпаргаркалардың басқа түрлерін қолдануға тырысады.

- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында осы жылдың сәуір айында Алматыда Ustudy-мен бірлесіп теориялық емтихан тапсырудың пилоттық жобасы іске қосылды.Бұл пилоттық жобада емтихан сыныбына кіретін азамат металл детектордан, аудио-бейне фиксациядан және биометриялық сәйкестендіруден өтеді, - деп түсіндірді Әбділдин.

Биыл маусым айының соңында бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласында да іске қосылды. Жыл соңына дейін бұл жобаны Қазақстан бойынша ауқымды ету жоспарланып отыр.

Тағы да оқыңыздар: Петропавлда өрттен екі адам қаза тапты

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #жүргізуші куәлігі #ХҚКО

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...