• Главная
  • Өндіріс ошақтарында вакциянациялау қарқын алды
вакцинация
16:20, 9 июля 2021 г.
Надежный источник

Өндіріс ошақтарында вакциянациялау қарқын алды

вакцинация
Өндіріс ошақтарында вакциянациялау қарқын алды

«Севказэнерго» АҚ тобының кәсіпорындарында мамандар жаппай вакцинациядан өтуде. Солтүстік Қазақстандық таратушы электржелілік компания, Петропавл жылу желілері, «Севказэнергосбыт» ЖШС-де жұмыс істейтін 2 мыңға жуық адамның 50%-дан астамы екпе алып үлгерді , деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Кәсіпорында вакцина салу жұмыстары  сәуір айында басталған. Содан бері мамандардың 50%-дан астамы екпе алған.

- Күнделікті түрде 30-80 маман вакцинациядан өтеді. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам маманның 1 мыңға жуығы екпе алды. Әріптестерімізге екпені 3-ші қалалық емхананың дәрігерлері қояды. Біз адам саны 50-ге жақындағанда мобильді топты шақыртамыз. Сондай-ақ қызметкерлердің арасында созылмалы аурулары барлар да баршылық. Олар дәрігерден анықтама әкеліп, екпе алмайды,-дейді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Оксана Полын.

Корнавирусқа қарсы екпе алуға келгендердің бірі - Павел Деревянкин.  Ол коронавирусқа қарсы екпе алу әр азаматтың борышы деп біледі. Себебі, тек осылайша ғана біз жақындарымыз және өзге жандардың денсаулығына қауіп төндірмейміз- дейді. Маман Ресейлік Спутник V екпесін салдыртуды шешкен. Өзге әріптестері де осы вакцинаны таңдаған екен.  

-Мен Ресейлік Спутник V-дің 1-ші компонентін алудамын. Жағдайым жақсы. Барлық таныстарым, туған-туысқандарым осы екпені салдыртуға кеңес берді. Дәрігерлер алғашқы 3 күнде вакцина қойған орынды сулауға, моншаға шомылуға болмайтынын айтты- деді екпе кабинетінде сұхбат берген Павел.

Ал, Сергей Пахило  денсаулығымда ешқандай кінәрат жоқ. Сол себепті, болашақта көршілес мемлекеттерге және қоғамдық орындарға емін-еркін бару, сондай-ақ көзге көрінбес вирусты жұқтырып алмау үшін вакцинациядан өтуге шештім- дейді. 

- Әрине, екпе алу қажет. Осылайша біз өзімізді және туысқандарымызды жаман аурудан қорғай аламыз. Оның үстіне қазіргі кезде ауру өршіп тұр. Өкінішке орай көптеген таныстарым коронавирусты жұқтырып, ауырып шықты. Бұған дейін қол астымдағы жұмысшылар екпе алды, енді кезек бізге де жетті. Жалпы үйімде келіншегім мен үлкен ұлым да вакцина салдыртты. Жағдайлары жақсы- деп отыр Пахило. 

Бүгінгі таңда облыста  коронавирусқа қарсывакцинаның 1-ші компонентін 151 831 адам алса, 79 105 жерлесіміз 2-ші компонентін салдырып үлгерген.

Тағы да оқыңыздар: Борыштарын қайтармаған азаматтар Ресейде жасырынған

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #Вакцинация #COVID-2019 #Ұжымдық иммунитет

Комментарии

Объявления
live comments feed...