• Главная
  • Тоқаев: Үкіметке рұқсатсыз қоқыс төккендерді жазалау шараларын күшейтуді тапсырамын
Үкімет отырысы
20:45, 10 июля 2021 г.
Надежный источник

Тоқаев: Үкіметке рұқсатсыз қоқыс төккендерді жазалау шараларын күшейтуді тапсырамын

Үкімет отырысы
Тоқаев: Үкіметке рұқсатсыз қоқыс төккендерді жазалау шараларын күшейтуді тапсырамын

Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке рұқсатсыз қоқыс төккендерді жазалау шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

-Бір жыл бұрын мен бей-берекет үйілген қоқыс орындарына қатысты жүйелі шаралар қабылдау жөнінде тапсырма бердім. Өкінішке қарай бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр. Кейбір тұрмыстық қалдықтарды көмуге тыйым салып, тығырыққа тірелдік. Көмуге де болмайды, арнаулы орындар да жетіспейді. Осы түйткілді шұғыл әрі жүйелі түрде шешу қажет. Үкіметке рұқсатсыз қоқыс төккендерді анықтау және жазалау шараларын күшейтуды тапсырамын. Әсіресе құрылыс компаниялары мен қоқыс шығаратын компанияларды жіті бақылауда ұстау қажет, - деді Президент. 

Сонымен қатар, Президент бұл жұмысқа қоғам өкілдерін және экобелсенділерді тарту керектігін айтты.

-Телефон арқылы жедел хабар желісін іске қосу қажет. Сондай-ақ келіп түскен хабарламаларды шұғыл өңдеп, атқарылған жұмыстың нәтижесі туралы ақпарат беру үшін цифрлық тәсілдерді қолдану керек. Бұған қоса, Үкімет әкімдермен бірлесіп, ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын заңды түрде шығаруға қажетті жағдай жасауға тиіс,- Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы да оқыңыздар:Тұрғын үйдегі өрттен бір әйел зардап шекті

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #Үкімет отырысы #Президент #заңсыз қоқыс төгу
Последние новости
ТОП новости
Новые гостиницы, аквапарк и музыкальный фонтан: как изменится Петропавловск в ближайшие годы
Инфраструктура
Почти 2 тысячи нарушений за девять дней: в СКО подвели промежуточные итоги рейдов «Безопасная дорога»
Закон и порядок
Социальная помощь становится ближе: в СКО представили цифровые решения для поддержки жителей
СКО
В Петропавловске за звание сильнейших поборолись волейболисты уголовно-исполнительной системы Казахстана
Спорт
Объявления