
ТВ және радио
18:00, 14 июля 2021 г.
Надежный источник
21 шілдеде Қазақстанда телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады
ТВ және радио

Еліміздің барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында хабарланды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2021 жылдың 21 шілдесінде сағат 03.00 мен 17.00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
-«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, – делінген министрліктің хабарламасында.
Тағы да оқыңыздар: Құрбан айт қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Долгожданной гостьей «Qyzyljar Сабантуй – 2026» стала Народная артистка Казахстана Роза Рымбаева
«Qyzyljar Сабантуй – 2026
18:56
Гастрономический рейтинг, заблудившийся пастух и неосторожное высказывание
Обзор казахской прессы
18:00
Праздник единства и традиций: в Петропавловске с размахом презентовали «Татарское подворье»
QYZYLJAR SABANTUI-2026
16:56
В Петропавловске в рамках «Qyzyljar Сабантуй – 2026» торжественно открыли бюст Габдулле Тукаю
Qyzyljar Сабантуй – 2026
12:15
21:00
Вчера
ТОП новости
Объявления