• Главная
  • Бұқа сүзген балықшы ауруханада көз жұмды
оқыс оқиға
22:47, 14 июля 2021 г.
Надежный источник

Бұқа сүзген балықшы ауруханада көз жұмды

оқыс оқиға
Бұқа сүзген балықшы ауруханада көз жұмды

Бір күннің ішінде жазатайым оқиғадан облыста  екі адам қаза тапты. 10 шілде күні Есіл ауданында 60 жастағы ер адам аттан құлап мерт болы, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Ал екінші оқиға Ақжар ауданында тіркелді. Симментал бұқасы балық аулап отырған 67 жастағы балықшыға шабуыл жасаған. Біраз уақытқа малды иесіз қалдырған бақташы қайтып келгенде жаралы ер адамның үстінен шыққан. Ауыр жарақат алған ауыл тұрғыны аудандық ауруханада қайтыс болды. Аталған фактілер бойынша аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері тексерістер жүргізіп, сараптамалар тағайындады. Ақжар ауданындағы оқиға малды қараусыз қалдырудың қауіпті екенін тағы да көрсетіп отыр. Бақташы денсаулыққа зиян келтіруге әкеліп соқтырған, мал жаю ережелерін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы 2-бөлігі бойынша жазаланды. Жалпы жыл басынан осы бап бойынша 1229 хаттама толтырылды.

-Иелері анықталғанға дейін арнайы қамау орындарына 3225 мал қамалды. Облыс тұрғындарын заңнама талаптарын сақтауға, малдың еркін бағылуына жол бермеуге және малды күту кезінде сақ болуға шақырамыз, - дейді СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Тағы да оқыңыздар: 21 шілдеде Қазақстанда телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД# бұқа сүзді #оқыс оқиға

Комментарии

Объявления
live comments feed...