• Главная
  • Интернет алаяқтарға алданған әйел 2 миллион теңге несие алған
СҚО ПД
12:30, 15 июля 2021 г.
Надежный источник

Интернет алаяқтарға алданған әйел 2 миллион теңге несие алған

СҚО ПД
Интернет алаяқтарға алданған әйел 2 миллион теңге несие алған

«Банк қауіпсіздік қызметінен» қоңырау шалған азаматтарға алданған петропавлдық әйел 2 миллион теңге қарызға батты. Қаржы ұйымынан қоңырау шалу, жұртты алдау алаяқтардың үйреншікті амалына айналды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Полицейлердің айтуынша, қала тұрғынына біреу қоңырау шалып, банктен екенін айтқан. Ол әйелге оның атына үлкен соммада несие алғанын айтып, оны толықтай жабуға болады деген.  Алаяқтардың нұсқауы бойынша  әйел телефонына интернет-банкинг қосымшасын орнатады. Кейін сол арқылы  1 990 000 теңге сомасына қатарынан екі кредит алады. Жәбірленуші қаскүнемдерге н банктік картаның артқы жағында жазылған cvv кодын да айтып берген.  Осылайша ола картасындағы бар ақшасынан айырылады.

Осындай схема бойынша тағы бір қала тұрғыны несиеге алған 200 мың теңгесін басқа банктегі ұсынылған шотқа аударған.

-Парольдер мен пин-кодтар, CVV - кодтар, sms арқылы келетін кодтар – бұларды бөгде адамдарға айтуға болмайды, - дейді Петропавл қ.ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұхатов. - Қылмыскерлердің айлалары көп. Мысалы, олар телефоннан қоңырау шалғанда, оның соңғы сандары Банктің call-орталығының нөміріне сәйкес келеді және олар осы қаржы ұйымын шынымен білдіретіндігінің дәлелі ретінде сілтеме жасай алады. Егер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар қандай да бір қаржылық операциялар жасауды талап етсе, оларға құпия деректерді беруді талап етсе-бұл алаяқтар екенін ұмытпаған жөн. Мұндай жағдайда олармен сұхбаттаспай, болған оқиға туралы бірден полицияға хабарлаңыз. Егер күмәніңіз болса-Банктің call-орталығының ресми нөміріне хабарласыңыз немесе шоттарыңыздың бәрі дұрыс екеніне көз жеткізу үшін банк бөлімшесіне барған жөн. 

Тағы да оқыңыздар: Бұқа сүзген балықшы ауруханада көз жұмды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #алаяқтық #интернет арқылы алдау

Комментарии

Объявления
live comments feed...