
Құрбан айт
08:00, 20 июля 2021 г.
Надежный источник
Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі
Құрбан айт

Құрбайн айт «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Биыл аталмыш мереке шілденің 20,21,22 күндеріне келді. Айт күндері Аллаға арнап құрбандық шалады. Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Әрбір мұсылман Алла разылығы үшін мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші күні маңызды болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады.
Құрбан айт күндері шариғат бойынша нисап мөлшеріндегі, яғни 85 грамм алтынға тең ақшасы бар, бас бостандықтағы, ақыл-есі бүтін, жолсапарда емес мұсылманға кем-кетіксіз бір жастағы қойды немесе ешкіні немесе бір адамнан жеті адамға дейін ниеттерін біріктіріп, екі жастағы сиыр немесе бес жастағы түйені құрбандыққа шалу уәжіп.
Биыл екінші жыл қатарынан аталмыш мереке карантин режимінде тойлануда. Бірақ, мешіттерде санитарлық талаптарды сақтай отыра, айт намазы оқылды.
Тағы да оқыңыздар: Құрбан айт - 2021
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:30
Вчера
16:14
Вчера
12:30
Вчера
Душа поет по-казахски: Ольга Векерле из Аккайынского района СКО говорит, что казахские мелодии ей очень близки
Исполнительница
12:00
Вчера
Объявления
live comments feed...
Комментарии