
СҚО ПД
12:35, 21 июля 2021 г.
Надежный источник
Жалғызбасты ананың ізіне түсіп, аңдыған жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
СҚО ПД

Келіншектің соңынан қалмай аңдыған жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Polisia.kz ақпараттық мелдиа порталының мәліметінше, Петропавл қаласының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобына 25 жастағы жалғызбасты ана арызданыпты. Ол 13 шілдеге қараған түні бұрынғы жігіті баспананың терезесін сындырып, үйге басып кіріп, жанжал шығарғанын айтқан. Белгілі болғандай, ол қызды ұзақ уақыт бойы аңдып, соңынан қалмапты.
Тәртіп бұзушы бұрын сотты болған 24 жастағы қала тұрғыны. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 2-бөлігі «ұсақ бұзақылық» бойынша материал жиналды. Ол бір жыл ішінде қайта құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті көздейді.
Сәуір айында жігіт басқа қызды аңдып, қудалаған екен. Сол кезде де осы баппен жазаланапты.
-Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша сот болды, жігітке қатысты 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, заңсыз басып кіру фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 149-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, — деп толықтырды ПД аға инспекторы Айнұр Жақыпова.
Тағы да оқыңыздар: Облыста 1 жастан асқан бала коронавирустан көз жұмды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Мобильная академия приехала в СКО: руководители полиции проходят курс повышения квалификации
Закон и порядок
19:05
Вчера
Безопасность детей — общая задача: в Петропавловске обсудили профилактику правонарушений среди подростков
Закон и порядок
18:22
Вчера
«Плюс 25% к чеку»: в Петропавловске вскрыли схемы завышения цен на социально значимые товары
Ценообразование
15:29
Вчера
13:48
Вчера
ТОП новости
Объявления
12:21, 14 сентября
18:00, 23 июня
12:44, 10 сентября