• Главная
  • Петропавлда пәтерлерді тонаған екі адам ұсталды
СҚО ПД
16:55, 21 июля 2021 г.
Надежный источник

Петропавлда пәтерлерді тонаған екі адам ұсталды

СҚО ПД
Петропавлда пәтерлерді тонаған екі адам ұсталды

Өңір полицейлері кемінде 6 үйді тонады деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Олар петропавлдықтарға шамамен 3 млн теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі. 

Жаз басталғалы Петропавлда бірнеше пәтер ұрлығы тіркелді. Қылмыскерлер ұрлыққа күндіз түскен, есікті арнайы кілтпен ашқан. Бір жағдайда ұры пәтерге екінші қабаттағы балкон терезесінен кірген. 13 шілде күні қаскөйлер Интернационал көшесіндегі пәтерге кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды қолды қылған. Зардап шегушінің айтуынша, шығын сомасы 2 млн теңгеден асады. Әккі ұрылар аса сақ болғандарымен полицейлер олардың ізіне түсті. Қылмысты бұған дейін сотталып, былтыр желтоқсан айында босап шыққан, наркологиялық орталықта есепте тұрған 36 жастағы қала тұрғыны жасауы мүмкін. Екінші күдікті бұрын сотты болған оның 34 жастағы танысы болып шықты. Екеуі де тәртіп сақшыларының қолына түсті.

-Қоңырауды басып, тыңдап көрдім. Есікті тықылдаттым. Ешкім ашпаған соң, құлыпты бұзып, ішке кіріп отырдым. Тек алтын бұйымдар мен әшекейлерді, ақшаны алдым. Өйткені алтынды лезде сатып, ақша қылуға болады- дейді тергеп-тексеру барысында күдіктілердің бірі. 

Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұрланған заттардың бір бөлігі қала ломбардтарынан алынды.

 -Қазіргі уақытта істе алты эпизод бар, Петропавл қаласының тұрғындарына келтірілген шығын сомасы 3 миллион теңгеден асты. Күдіктілердің ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде,-деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров 

СҚО жыл басынан 274 пәтер ұрлығы тіркелді, қазіргі уақытта оның 190-ы ашылды.

Тағы да оқыңыздар:Жалғызбасты ананың ізіне түсіп, аңдыған жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #пәтер ұрлығы

Комментарии

Объявления
live comments feed...