• Главная
  • Карантин режимінің «қызыл мәртебесі» бар құқық бұзушылардың есімдері БАҚ-та жарияланады
карантин
21:20, 21 июля
Надежный источник

Карантин режимінің «қызыл мәртебесі» бар құқық бұзушылардың есімдері БАҚ-та жарияланады

карантин
Карантин режимінің «қызыл мәртебесі» бар құқық бұзушылардың есімдері БАҚ-та жарияланады

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті. Отырыста Президенттің 19 шілдедегі елдегі эпидемиологиялық жағдай жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Вице-премьер мемлекеттік органдар өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, қысқа мерзімде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша келесі шараларды қабылдауды тапсырды:

- жаңа штаммдардың пайда болуын ескере отырып, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел іс-қимылдардың нақты жоспарын әзірлеу және енгізу;

- «QazVac» отандық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу және оны одан әрі үшінші елдердің нарықтарына шығару мәселесін пысықтау, осы бағытта нақты жол картасын әзірлеу;

- карантиндік шектеулерді сақтауға қойылатын талаптарды қатаңдату мәселесін пысықтау;

- вакцинациялау қарқыны төмен өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды қалыптастыру;

-коронавирусты диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес реанимация бөлімшелері мен жедел медициналық көмек қызметтерін қосымша жарақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар енгізу;

-коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін «Ремдесивир» препаратын орталықтандырылған сатып алу мәселесін шешу жөнінде шаралар қабылдау;

- ІІМ және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалған вакцинациялау паспорттарын жасаудың жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық арнайы топ құрсын;

- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Атамекен» Ұлттық палатасымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, бизнес субъектілерін «Ashyq»бағдарламасына енгізу жөніндегі талаптарды жеңілдетсін.

Ералы Тоғжанов мониторингтік топтар қызметінің маңыздылығын атап өтіп, ІІМ мен әкімдіктерге осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұдан басқа, ВАК «Ashyq» арқылы тіркелген қоғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдарға қатысты шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады. Енді карантин режимінің «қызыл мәртебесі» бар құқық бұзушылардың есімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Сондай-ақ, Вице-премьер Е.Тоғжанов мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне иммундау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. 

Тағы да оқыңыздар: Петропавлда пәтерлерді тонаған екі адам ұсталды

##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #карантин #коронавирус #Ералы Тоғжанов #комиссия отырысы
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити

Комментарии

Объявления
live comments feed...