• Главная
  • Өңірде карантин және санитариялық талаптарды бұзғандарға 40 млн теңге айыппұл салынды
карантин
15:15, 22 июля 2021 г.
Надежный источник

Өңірде карантин және санитариялық талаптарды бұзғандарға 40 млн теңге айыппұл салынды

карантин
Өңірде карантин және санитариялық талаптарды бұзғандарға 40 млн теңге айыппұл салынды

Облыста  карантинді сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 23 мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. Олар жыл басынан 2570 рейд жүргізіп, карантин режимін және санитариялық қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін 549 айыппұл салған.  Айыппұлдың жалпы сомасы 40 млн теңгеден асады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі. 

 СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі күні облыс бойынша 23 мониторингтік топ жұмыс істейді. Жыл басынан олар 2570 рейд жүргізіп, 18 мыңға жуық нысанды тексерді. Нәтижесінде карантин талабын бұзуға қатысты 536 факт тіркелді. 

-Тұрғындар маска режимін бұзады. Бұқаралық іс-шараларды өткізіп, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізбейді. Келушілерге маскасыз қызмет көрсетіп, нысандар қаулыға сәйкес жұмыс істеу режимін бұзған. Аумақтық полиция басқармаларынан келіп түскен материалдар негізінде және үйлестіру орталықтарының шұғыл хабарламалары бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары кәсіпкерлік субъектілеріне 37 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Карантиндік және шектеу режимін және санитариялық қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 576 хаттама толтырылды, 549 айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 40 млн теңгеден асады, - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті техникалық регламенттердің талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Данияр Оспанов.

Маманның айтуынша, оның екеуі лауазымды тұлғаларға, 6-уы заңды тұлғаларға, 25-і жеке кәсіпкерлерге және 516-сы жеке тұлғаларға қатысты. 14 әкімшілік материал сотқа жолданды, алайда 13-і құқық бұзушылықтың елеусіз болуына байланысты тоқтатылды. 

Тағы да оқыңыздар:Оқушыларды тасымалдау үшін жаңа көліктер сатып алынуда

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #карантин #айыппұл#тексеріс

Комментарии

Объявления
live comments feed...