
COVID-2019
19:14, 23 июля 2021 г.
Надежный источник
COVID-2019 індетін жұқтырғандар саны екі есеге өсті
COVID-2019

Облыста соңғы тәулікте 110 адамнан коронавирус анықталды. Сырқаттанғандар саны өсіп келеді. Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Бұл жайында брифингте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев баяндап берді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
-Соңғы аптада КВИ жұқтыру 408-ден 684 жағдайға дейін 2 есе өсті және одан әрі артып келеді. Ең көп өсім Петропавлда - 105 жағдай тіркелген. Бұл - 1,5 есе көп. Тайынша ауданында 3 есе өсіп, 50 жағдай, Қызылжар ауданында 1,6 есе өсіп, 22 жағдай тіркелді. Сырқаттанғандардың 89 %-ы дәрігерге ауырып көрінген. Сондай-ақ ауырғандардың жасы өзгерді. Қазіргі уақытта сырқаттанғандардың 57 %-ы – 40 жастан кіші, бұрын бұл көрсеткіш 40 %-дан аспайтын, - дейді Әсет Жұматаев.
Жалпы облыста осы уақытқа дейін КВИ жұқтырудың 16 613 жағдайы анықталды. Пандемия басталғалы облыстың 47 азаматы індеттен көз жұмды.
Тағы да оқыңыздар: Демалыс күндері карантин талаптары күшейтіледі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:36
17:44
14:23
Под видом бытовой химии в Казахстан пытались ввезти 3 тонны прекурсоров
Наркопреступность
11:50
ТОП новости
Объявления
00:00, 16 марта
11
06:01, 18 марта
Комментарии