• Главная
  • Петропавлда карантин кезінде той жасағандар ұсталды
карантин
16:10, 25 июля 2021 г.
Надежный источник

Петропавлда карантин кезінде той жасағандар ұсталды

карантин
Петропавлда карантин кезінде той жасағандар ұсталды

Облыстағы шектеулерге қармастан, халық жиын-той өткізуді тоқтатар емес. 30-50 адамнан бастап 100-ден астам қонақ шақырған тойлар облыстың әр түрлі мейрамханадарында ұйымдастырылған. Оны арнайы рейд барысында мониторинг топ мүшелері анықтады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

- Бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес бірқатар шектеулер енгізілді, - дейді кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мамны Дастан Қазиев. - Демалыс күндері қала бойынша мониторингтік топтар жұмыс істейді. Олардың құрамында 4 экипаж, жергілікті атқарушы орган мамандары, жергілікті полиция қызметкерлері бар. Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша жұма күні кешке біз ережелерді бұзған үш мейрамхананы анықтадық.

Қонақ күтіп, той тойлағандардың арасында «Royal Palace» мейрамханасы бар. Онда 70 адамға арналған үйлену тойы болған. Карантин уақытында ән айтып, би билегендер «Эмират» мекемесінен де табылды. Бұл жерде 50-ден астам адам қатысқан іс-шара ұйымдастырылыпты.  «Бармалей» кафесі де шектеу шараларын бұзғандардың қатарында. Бір уақытта 150-ден астам адамды қабылдаған.  Сондай-ақ, сенбіде «Созвездие» мейрамханасында 150-ден астам қонағы бар үйлену тойы тоқтатылды.

Кезекті рейд кезінде мониторинг топ мүшелері «Тенгри» банкет залына да барды.  Полиция қызметкерлерін көріп, ішіндегі адамдар бірден  барлық есіктерді жауып, құлыптауға кірісті.  Барлық шектеулер мен қожайындардың бұл туралы хабардар болуына қарамастан, іс-шаралар әлі де өткізілді.

- Рейд барысында «Тенгри» мейрамханасында қыз ұзату тоқтатылды. Адамдардың саны 80-нен асады. Мейрамхана иесі мен ұйымдастырушылардан түсініктеме алынды. Факті бойынша материал жиналып, одан әрі тексерілетін болады, - деді Дастан Қазиев.

Тағы да оқыңыздар: Обыста 218 елдімекенде ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #карантин #жаңа қаулы#той

Комментарии

Объявления
live comments feed...