• Главная
  • Облыста жалпы сайлаушылар санының 87,08 %-ы сайлауға қатысып, дауыстарын берді
сайлау
23:43, 25 июля 2021 г.
Надежный источник

Облыста жалпы сайлаушылар санының 87,08 %-ы сайлауға қатысып, дауыстарын берді

сайлау
Облыста  жалпы сайлаушылар санының 87,08 %-ы сайлауға қатысып, дауыстарын берді

Өңірде аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындысы шығарылды. Жалпы сайлаушылар санының 87,08 %-ы сайлауға қатысып, дауыстарын берді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыстың барлық 174 сайлау учаскесінде дауыс беру Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 20.00-де аяқталды. Жалпы сайлаушылар санының 87,08 %-ы сайлауға қатысып, дауыстарын берді. Оның ішінде: Айыртау ауданында 3844 сайлаушы немесе 87,13 %; Аққайың ауданында 8142 сайлаушы немесе 89,77 %; Есіл ауданында 7974 сайлаушы немесе 83,62 %; Жамбыл ауданында 4539 сайлаушы немесе 87,59 %; М. Жұмабаев ауданында 3114 сайлаушы немесе 91,43 %; Қызылжар ауданында 6532 сайлаушы немесе 84,37 %; Мамлют ауданында 6397 сайлаушы немесе 90,97 %; Ғ. Мүсірепов атындағы ауданында 2085 сайлаушы немесе 84,69 %; Тайынша ауданында 3120 сайлаушы немесе 83,00 %; Тимирязев ауданында 1571 сайлаушы немесе 87,72 %; Уәлиханов ауданында 878 сайлаушы немесе 95,33 %; Шалақын ауданында 3675 сайлаушы немесе 87,17 %-ы қатысты.

Облыстың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сайлаушылар 100 % үш ауылдық округте қатысты. Олар - Мағжан Жұмабаев ауданының Ұзынкөл ауылдық округі, Тайынша ауданының Теңдік ауылдық округі және Уәлиханов ауданының Қаратерек ауылдық округі. Ал Тайынша ауданы Зеленогай ауылдық округінде сайлаушылардың тек 67,87 %-ы ғана дауыс берді. Сайлау барысында аумақтық сайлау комиссияларына өтініштер мен шағымдар түскен жоқ. Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың дауыстарын санап жатыр.

Тағы да оқыңыздар: Петропавлда карантин кезінде той жасағандар ұсталды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #Сайлау-2021 #ауыл әкімдерінің сайлауы #дауыс беру

Комментарии

Объявления
live comments feed...