• Главная
  • сайланған 71 әкімнің 57-і немесе 80,2% - мемлекеттік қызметші
Сайлау-2021
19:33, 26 июля 2021 г.
Надежный источник

сайланған 71 әкімнің 57-і немесе 80,2% - мемлекеттік қызметші

Сайлау-2021
сайланған 71 әкімнің 57-і немесе 80,2% - мемлекеттік қызметші

Солтүстік Қазақстан облысында аумақтық сайлау комиссиясы ауыл әкімдерінің сайлауын қорытындылады. Сайланған 71 әкімнің 57-і немесе 80,2% - мемлекеттік қызметші, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуынша, заңға сәйкес сайлауды жарамсыз деп тануға немесе қайта сайлау өткізуге негіз жоқ.  Сайлаушылар 214 кандидаттың ішінен таңдау жасады. Оның ішінде 68 кандидатты саяси партиялар ұсынды, қалған 146-сы - өзін-өзі ұсынушылар.

-Сайланған 71 әкімнің 57-і немесе 80,2% - мемлекеттік қызметші. Оның шінде нақты ауылдық округте 42 әкім қайта сайланды. 4 - коммерциялық құрылым өкілдері, 6 - бюджеттік ұйым қызметкерлері, екеуі уақытша жұмыс істемейді. 19 әкім немесе 26,8 % – әйелдер. Бір үміткер - «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының түлегі. Мамандығы бойынша 13-і - экономист, 14-і - заңгер, 21-і - оқытушы, 7-уі - инженерлер. Сайланған әкімдердің орташа жасы – 45 - дейді Тілеген Қаскин.

Ең көп дауыс жинаған - Тимирязев ауданы Интернациональный ауылдық округінің кандидаты Қанат Иманжанов. Оған сайлаушылардың 98 % дауыс берген. Дауысты қайта санау жүргізілген жоқ. Сайлау комиссияларының іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне жоғары тұрған комиссияларға, соттарға шағым түспеген. 

Тағы да оқыңыздар: Облыста соңғы 3 тәулікте 2 адам коронавирустан көз жұмды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #Сайлау-2021 #ауыл әкімдерінің сайлауы #дауыс беру

Комментарии

Объявления
live comments feed...